Шымкенттік оқушылар халықаралық білім бәйгесінде үздік атанды

Шымкенттік оқушылар халықаралық білім бәйгесінде үздік атанды

11-13 наурызда Астана қаласында өткен Ө.Жолдасбеков атындағы математика және механика бойынша халықаралық зерттеу жобалар байқауында шымкенттік оқушылар жоғары нәтижелерге қол жеткізді, деп хабарлайды No-comment.kz ақпараттық агенттігі.

Атап айтқанда, №1 мамандандырылған ІТ лицей-интернатының 11-сынып оқушысы Асылтас Кемел алтын медаль (І дәрежелі диплом), №8 гимназияның 11-сынып оқушысы Нұрислам Зиябек күміс медальға (ІІ дәрежелі диплом) ие болды. Сондай-ақ, №80 IT мектеп-лицейінің 11-сынып оқушысы Мейірім Бекенбай, №1 мамандандырылған ІТ лицей-интернатының 11-сынып оқушысы Ерболат Абдурахим Грамотамен марапатталды.

Зияткерлік сайысқа еліміздің әр өңірінен 100-ден астам дарынды оқушы, сондай-ақ, Тәжікстан, Беларусь және Ресей елдерінің өкілдері қатысты. Байқау 4 секция – математика, қолданбалы математика, механика және экономикадағы математикалық әдістер бойынша өтті. Осылайша Шымкент қаласының оқушылары халықаралық білім бәйгесінде кезекті рет жүлделі орындардан көрінді.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Көптеген шағын кәсіпорын өз қызметін жалға алынған ғимаратта жүргізеді. Дүкен, сұлулық салоны, кеңсе, оқу орталығы немесе қоғамдық тамақтану орны...

Көптеген кәсіпорындардың табысы күнделікті немесе бір реттік сатылымға тәуелді. Клиент бүгін сатып алса – түсім бар, сатып алмаса – табыс азаяды....