Қазақстан мен Финляндия президенттері телефон арқылы сөйлесті

Қазақстан мен Финляндия президенттері телефон арқылы сөйлесті

Фин тарапының бастамасымен Президент Қасым-Жомарт Тоқаев пен Финляндия Республикасының Президенті Александр Стубб телефон арқылы сөйлесті, деп хабарлайды No-comment.kz - Ақордаға сілтеме жасап.

Мемлекеттер басшылары екіжақты ынтымақтастықтың қазіргі жай-күйі мен даму перспективасын талқылап, сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық байланыстарды одан әрі нығайтуға қос тараптың да бейіл екенін растады.

Екі ел арасындағы қарым-қатынасқа тың серпін беру үшін Финляндия Президенті биыл қазан айында Қазақстанға сапармен келуге дайын екенін жеткізді. Сондай-ақ алдағы кезеңге жоспарланған жоғары деңгейдегі келіссөздердің мазмұнын байытудың маңызына назар аударылды. Оның қорытындысы қазақ-фин серіктестігінің жаңа кезеңіне жол ашады.

Сонымен қатар Қасым-Жомарт Тоқаев пен Александр Стубб бірқатар өзекті халықаралық мәселелер бойынша пікір алмасты. Тараптар орнықты дамуды қамтамасыз ету, жаһандық бейбітшілік пен қауіпсіздікті ілгерілету мақсатында көпжақты ұйымдар аясындағы күш-жігерді үйлестірудің маңызын атап өтті.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

– Есепсіз немесе көзге көрінбейтін дүниені басқару қиын. Сондықтан Үкімет көп созбай, ведомстволар деңгейіндегі жағдайға базалық есеп жүргізетін...

Мемлекет басшысы жиында сөйлеген сөзінде әлем технологиялық трансформацияның мүлдем жаңа кезеңіне қадам басқанына назар аударды. Президенттің...