Лауазымды тұлғалар есірткі қылмысы үшін өмір бойына бас бостандығынан айырылуы мүмкін

Лауазымды тұлғалар есірткі қылмысы үшін өмір бойына бас бостандығынан айырылуы мүмкін

Қазақстанда Қылмыстық кодекске есірткі құралдарымен байланысты қылмыс жасағандар үшін жазаны қатаңдатудың жаңа шаралары енгізіліп жатыр. Мысалы, жаңа 297-бап енгізіледі, онда ұйымдасқан қылмыстық топтардың құрамында есірткі қылмысын жасаған адамдарға, білім беру ұйымдарында есірткіні сатқан кәмелетке толмағандарға қатысты жазаны қатаңдату  көзделеді. Сонымен қатар өз қызметтік жағдайын пайдалана отырып, есірткі қылмысын жасаған лауазымды тұлғалар үшін жауапкершілік күшейтіледі. Енді қылмыстың осы түрлері үшін 15 жылдан бастап өмір бойына бас бостандығынан айыруға дейін жаза қарастырылған.  Бұл туралы ОКҚ алаңында өткен баспасөз мәслихатында ҚР ІІМ Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл комитеті төрағасының орынбасары Қуандық Әлжанов мәлімдеді, деп хабарлайды No-comment.kz - Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметіне сілтеме жасап.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

– Есепсіз немесе көзге көрінбейтін дүниені басқару қиын. Сондықтан Үкімет көп созбай, ведомстволар деңгейіндегі жағдайға базалық есеп жүргізетін...

Мемлекет басшысы жиында сөйлеген сөзінде әлем технологиялық трансформацияның мүлдем жаңа кезеңіне қадам басқанына назар аударды. Президенттің...