Абай ауданында көшелерді жарықтандыру көрсеткішін 100%-ға жеткізу жоспарлануда

Абай ауданында көшелерді жарықтандыру көрсеткішін 100%-ға жеткізу жоспарлануда

Инфрақұрылымдық жобалар ауданның даму қарқынын арттырып, тұрғындардың күнделікті өмірін жеңілдетуде маңызды рөл атқарады, деп хабарлайды No-comment.kz ақпараттық агенттігі.

Абай ауданында биыл 50 көшеге 45 шақырым аяқжол салынады. Қазір 268 көшеге жарық жүйесін орнатудың бірінші кезеңі басталды.

Биыл аудан көшелерін 100 пайыз жарықтандыру жоспарлануда.

Бұл жобалар аудан тұрғындарының өмір сүру сапасын арттырып, қауіпсіздікті қамтамасыз етеді.

Өткен жылы 254 көше жарықтандырылып, 23 көшенің бойына 10 шақырым аяқжол салынған болатын.

Бұл бағыттағы жұмыстар ауданда жоспар аясында кезең-кезеңімен атқарылуда.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Көптеген шағын кәсіпорын өз қызметін жалға алынған ғимаратта жүргізеді. Дүкен, сұлулық салоны, кеңсе, оқу орталығы немесе қоғамдық тамақтану орны...

Көптеген кәсіпорындардың табысы күнделікті немесе бір реттік сатылымға тәуелді. Клиент бүгін сатып алса – түсім бар, сатып алмаса – табыс азаяды....