Шымкент дендросаябағы жаңа өсімдіктермен толығады

Шымкент дендросаябағы жаңа өсімдіктермен толығады

Жуырда А. Асқаров атындағы “Шымкент мемлекеттік дендрологиялық саябағының” мамандары меморандум аясында «Академик Ф.Н. Русанов атындағы Ташкент ботаникалық бағына» кезекті рет іс-сапармен барып қайтты, деп хабарлайды No-comment.kz ақпараттық агенттігі.

Қызметкерлер әйгілі саябақтың ғылыми жұмыстарымен танысып, гендік қорды көбейту бойынша тәжірибе алмасты. Бізде кездеспейтін интродукциялық 84 түрлі ағаш-бұталардың жасыл қаламшалары мен 7 ағаш-бұта тұқымдары әкелінді. Сонымен қатар, оранжерияда өсетін 6 түрлі субтропикалық өсімдіктің - пальма, фикус, фикус бенджамин, шеффлерa, папоротник, плющ, вилица қаламшалары жеткізілді.

Қазір қаламшалар жылжайда егілуде. Бұл өскіндер жерсінген жағдайда дендрологиялық саябақтағы ағаш түрлері 91-жетеді. Алдағы уақытта саябақта жасыл желекті көбейту мақсатындағы жұмыстар жоспарлы түрде жалғасады.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

– Есепсіз немесе көзге көрінбейтін дүниені басқару қиын. Сондықтан Үкімет көп созбай, ведомстволар деңгейіндегі жағдайға базалық есеп жүргізетін...

Мемлекет басшысы жиында сөйлеген сөзінде әлем технологиялық трансформацияның мүлдем жаңа кезеңіне қадам басқанына назар аударды. Президенттің...