Су тасқыны кезеңінің басталуына да көп уақыт қалған жоқ — Олжас Бектенов бірқатар тапсырма берді

Су тасқыны кезеңінің басталуына да көп уақыт қалған жоқ — Олжас Бектенов бірқатар тапсырма берді

Үкімет отырысында Премьер-министр Олжас Бектенов экология және табиғи ресурстар министрі Ерлан Нысанбаевтың алдағы су тасқыны кезеңі қарсаңында ауа райының болжамы туралы баяндамасын тыңдады, деп хабарлайды No-comment.kz - ҚР Премьер-Министрінің ресми ақпараттық ресурсына сілтеме жасап.

«Су тасқыны кезеңінің басталуына да көп уақыт қалған жоқ. Әкімдер бұл мәселені ерекше бақылауға алуы қажет. Төтенше жағдай туралы халықты хабардар ететін барлық жүйенің тұрақты жұмысын қамтамасыз етіңіздер. Әлеуметтік желілер мен бұқаралық ақпарат құралдарында ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын күшейту керек. Төтенше жағдайлар министрлігі су тасқынына толығымен дайын болуға тиіс. Сондай-ақ орталық және жергілікті мемлекеттік органдардың жұмысын үйлестіруді қамтамасыз етсін», — деп атап өткен Олжас Бектенов жақын арада аталған мәселе бойынша республикалық жедел штабтың отырысын дайындауды тапсырды.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Көптеген шағын кәсіпорын өз қызметін жалға алынған ғимаратта жүргізеді. Дүкен, сұлулық салоны, кеңсе, оқу орталығы немесе қоғамдық тамақтану орны...

Көптеген кәсіпорындардың табысы күнделікті немесе бір реттік сатылымға тәуелді. Клиент бүгін сатып алса – түсім бар, сатып алмаса – табыс азаяды....