Жас келсе, іске

Жас келсе, іске

Жетінші шақырылымдағы Шымкент қаласы мәслихатының кезектен тыс жетінші сессиясында Еңбекші ауданының әкімі тағайындалды, деп хабарлады қала әкімдігінің баспасөз қызметі.

Сессияда депутаттар Есілбек Досбол Күздікбайұлының кандидатурасын бірауыздан қолдады.

Еңбек жолында әлеуметтік салада қызмет атқарып, халықпен тікелей байланыста жұмыс жүргізіп келген Досбол Күздікбайұлының жұмысына сәттілік тілеген қала басшысы Мемлекет басшысының аумақтарды дамыту жөніндегі тапсырмаларын орындауда біліктілігі мен тәжірибесі жететініне сенім білдірді.

Досбол Күздікбайұлы 1983 жылы дүниеге келген, білімі – жоғары. Мамандығы бойынша инженер-технолог, мемлекеттік басқару бакалавры. Еңбек жолында Әл-Фараби ауданы әкімі аппаратының әлеуметтік жұмыс жөніндегі инспекторы, аталған әкімдікте халықпен жұмыс жүргізу бөлімінің жетекші маманы, бас маманы, халықпен жұмыс жүргізу бөлімінің басшысы болып еңбек еткен. 2020 жылдан бүгінгі күнге дейін Әл-Фараби ауданы әкімінің орынбасары қызметін атқарып келген.

2013 жылдан бері Еңбекші ауданы әкімі лауазымын басқарып келген Ғалымжан Ильясов ауданды дамытуға көп еңбек сіңірген. Абыройлы қызметі үшін «Құрмет» орденімен наградталды.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

«Развитие города должно быть комплексным, соответствовать передовым международным строительным нормам и правилам. В целом, цель концепции Alatau...

«Тұтастай алғанда, қаланы тиімді негізде салып, жан-жақты дамыту керек. Барлық нысандар құрылыс саласындағы озық халықаралық талаптар мен ережелерге толық сай болуға...

«Осы тұста мен «Таза Қазақстан» тұжырымдамасына байланысты тағы да атап өткім келеді. Қалалар мен ауылдарды көркейту, аумақтарды көгалдандыру...

«В этой связи хочу еще раз отдельно остановиться на концепции «Таза Қазақстан». Необходимо всегда уделять особое внимание благоустройству городов и...