Шымкент: азаматтарды қабылдауда 100-ден астам өтінішке жауап берілді

Шымкент: азаматтарды қабылдауда 100-ден астам өтінішке жауап берілді

Бүгін Шымкент қалалық әкімдігінде тұрғындар мәселелерін жедел шешуге мүмкіндік беретін маңызды қарым-қатынас форматы - азаматтарды кезекті қабылдау өтті. Күні бойына қала әкімі мен басқарма басшылары 100-ден аса тұрғынды қабылдады, деп хабарлайды No-comment.kz ақпараттық агенттігі.
Қала тұрғындары түрлі салада - аулалар мен қоғамдық кеңістіктерді абаттандыру, жолдарды жөндеу, коммуналдық қызметтер, әлеуметтік қолдау, тұрғын үй бөлу және жер қатынастары мәселелерін көтерді.
Мегаполис басшысы әрбір өтінішті мұқият қарастырды. Бірқатар мәселелер бойынша лезде түсініктемелер берілді. Сала басшыларына зерделеуді қажет ететін сұрақтар шешімін қысқа мерзімде қарастыруды тапсырды.
Айта кету керек, бірде-бір өтініш назардан тыс қалған жоқ. Мұндай кездесулер тұрғындармен тікелей байланысып, қаланың тыныс-тіршілігін жақсартып, маңызды шемімдер шығаруда маңызды.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

– Есепсіз немесе көзге көрінбейтін дүниені басқару қиын. Сондықтан Үкімет көп созбай, ведомстволар деңгейіндегі жағдайға базалық есеп жүргізетін...

Мемлекет басшысы жиында сөйлеген сөзінде әлем технологиялық трансформацияның мүлдем жаңа кезеңіне қадам басқанына назар аударды. Президенттің...