Қазақстанда тұтынушылардың құқықтарын қорғау үшін онлайн сауда саласындағы заңнамаға түзетулер дайындалуда

Қазақстанда тұтынушылардың құқықтарын қорғау үшін онлайн сауда саласындағы заңнамаға түзетулер дайындалуда

Қазақстанның Сауда және интеграция министрлігінің атына маркетплейстер арқылы сатып алуға қатысты көптеген шағым келіп түседі. Олар сатушымен кері байланыстың жоқтығына, зияткерлік меншік құқығын қорғауға, тауарлардың сапасына және басқаларға қатысты. Ол үшін ведомство заңнаманы жетілдіру бойынша жұмыс жүргізуде. Бұл туралы ОКҚ-да өткен баспасөз мәслихатында вице-министр Әсет Нүсіпов мәлімдеді, деп хабарлайды No-comment.kz - Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметіне сілтеме жасап.

Оның айтуынша, Парламент Мәжілісінде тұтынушылардың электрондық саудадағы құқықтарын қорғауға бағытталған түзетулер қарастырылуда. Спикер онлайн сауданы дамыту факторларының бірі қойма және логистикалық инфрақұрылымдардың болуы болып табылатынын атап өтті. 

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Көптеген шағын кәсіпорын өз қызметін жалға алынған ғимаратта жүргізеді. Дүкен, сұлулық салоны, кеңсе, оқу орталығы немесе қоғамдық тамақтану орны...

Көптеген кәсіпорындардың табысы күнделікті немесе бір реттік сатылымға тәуелді. Клиент бүгін сатып алса – түсім бар, сатып алмаса – табыс азаяды....