Еңбекші ауданында аяқ жолдар мен теміржол өткелдері салынады

Еңбекші ауданында аяқ жолдар мен теміржол өткелдері салынады

Шымкент қаласының Еңбекші ауданы аумағында 2024 жылы ішкі орам көшелерге жалпы ұзындығы 10 шақырым аяқ жол құрылысы жүргізілген болатын, деп хабарлайды No-comment.kz ақпараттық агенттігі.

Одан бөлек, Тәуке хан даңғылы бойындағы аяқ жолдар қайта қалпына келтірілді. Бұл өз кезегінде тұрғындардың ыңғайлы жүріп-тұруына септігін тигізіп, қауіпсіздікті қамтамасыз етеді. Аталған жұмыстар жалғасын тауып, аудан аумағында биыл 13 шақырым аяқ жол салу жоспарлануда.

Сонымен қатар, 2025 жылы ауданда 2 үлкен жоба іске асырылады. Атап айтқанда, бүгінде Момынов және Тленшин көшелеріндегі теміржол өткелінің құрылысы жүргізілуде. Бұл жобалар кептелістердің алдын алып, тұрғындарға қолайлы жағдай жасайды.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

– Есепсіз немесе көзге көрінбейтін дүниені басқару қиын. Сондықтан Үкімет көп созбай, ведомстволар деңгейіндегі жағдайға базалық есеп жүргізетін...

Мемлекет басшысы жиында сөйлеген сөзінде әлем технологиялық трансформацияның мүлдем жаңа кезеңіне қадам басқанына назар аударды. Президенттің...