Түркістан облысында «Бала шешеннен-дана шешенге» атты республикалық байқау өтеді

Түркістан облысында «Бала шешеннен-дана шешенге» атты республикалық байқау өтеді

Түркістан облысында «Бала шешеннен-дана шешенге» атты мектеп оқушылары арасындағы шешендік өнерді дәріптеу мақсатындағы республикалық байқау өтеді. Бұл туралы өткен брифингте «Қазыбек би» қоғамдық қорының төрағасы Пернетай Досыбеков мәлімдеді, деп хабарлайды No-comment.kz ақпараттық агенттігі.

«Бұл бастама ел аумағында кең көлемде тұңғыш рет өткізілуде. Ұйымдастырылып жатқан іс-шараның негізгі мақсаты – ұлттық құндылықтарымызды дәріптей отырып, жастар арасында шешендік өнердің танымалдылығын арттыру. Бұл іс-шара қазіргі таңда республикамыздың түрлі аймақтарында өткізілуде. Байқаудың шешуші кезеңіне еліміздің барлық өңірінен қатысушылар келеді. Ал ақтық сын алдағы сәуір айында қасиетті Түркістан қаласында өтпек. Айта кетейік байқаудың облыстық кезеңі Сайрам ауданында ұйымдастырылып, оған 300-ге жуық оқушы қатысты»-деді спикер.

Сонымен қатар, баспасөз жиынында «Төле Би» және «Әйтеке Би» қоғамдық қорларының төрағалары өткізіліп жатқан іс-шаралардың ауқымы мен өткізілу тәртібі туралы баяндады.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

– Есепсіз немесе көзге көрінбейтін дүниені басқару қиын. Сондықтан Үкімет көп созбай, ведомстволар деңгейіндегі жағдайға базалық есеп жүргізетін...

Мемлекет басшысы жиында сөйлеген сөзінде әлем технологиялық трансформацияның мүлдем жаңа кезеңіне қадам басқанына назар аударды. Президенттің...