Шымкенттік балуандар әлем чемпионатында топ жарды

Шымкенттік балуандар әлем чемпионатында топ жарды

Үндістанның Дели қаласында қазақ күресінен ересектер арасында әлем чемпионаты мәресіне жетті. Екі күнге созылған дүбірлі додада 200-ге жуық спортшы 16 салмақ дәрежесі бойынша кіл мықтыны анықтады, деп хабарлайды No-comment.kz ақпараттық агенттігі.

Қазақстан құрамасы маңызы зор бәсекеге толық құраммен қатысып, жарқын жеңіске жетті. Ұлттық құрама сапында Шымкент қаласының үш спортшысы белдесіп, бәрі де өз салмақтарында топ жарды. 74 келіде Жұмажан Қожамбеков, 100 келіге дейінгі салмақта Ерсұлтан Мұзаппаров және әйелдер арасында +77 келіде Альбина Бахиева жеңімпаз атанды. Жерлестеріміздің еншісінде – 3 алтын жүлде.

Шымкентте ұлттық спорт түрлері қарқынды дамып келеді. Былтыр Астанада өткен Дүниежүзілік көшпенділер ойындарында да аталған спортшылар алтын жүлдеге ие болған еді. Сонымен қатар, Мұзаппаров пен Қожамбеков екі дүркін әлем чемпионы атағына қол жеткізді. Жерлестеріміз енді келесі жауапты сындарға дайындыққа кіріседі.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

– Есепсіз немесе көзге көрінбейтін дүниені басқару қиын. Сондықтан Үкімет көп созбай, ведомстволар деңгейіндегі жағдайға базалық есеп жүргізетін...

Мемлекет басшысы жиында сөйлеген сөзінде әлем технологиялық трансформацияның мүлдем жаңа кезеңіне қадам басқанына назар аударды. Президенттің...