Шымкентте бұқаралық спорт инфрақұрылымы қалыптасып келеді

Шымкентте бұқаралық спорт инфрақұрылымы қалыптасып келеді

Бұл жөнінде қала әкімі Мұрат Әйтенов Президенттің төрағалығымен өткен Үкіметтің кеңейтілген отырысында мәлімдеді, деп хабарлайды Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі.

«Жолдауыңызда жастарды спортқа көптеп баулу мәселесін айтқан болатынсыз. Қалада 890 спорт нысаны бар. Бұқаралық спортпен тұрғындардың 31 пайызы қамтылған. Биыл қаланың шалғай елді мекендерінде 115 әмбебап спорт алаңшалары салынады. 4 мыңнан астам бала спорт үйірмелерімен қамтылады»,-деді әкім.

Бұдан бөлек, қаладағы көп қабатты тұрғын үйлер бойынша 101 аула жаңартылады. Нәтижесінде көрсеткіш 80 пайызға жететін болады. Қала басшысы бұл бағыттағы жұмыстардың жалғасатынын атап өтті.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Премьер-министр Олжас Бектеновтің төрағалығымен өткен Үкімет отырысында алдағы жылыту маусымына дайындық барысы қаралды. Онда энергетика министрі...

Премьер-министр Олжас Бектеновтің төрағалығымен өткен Үкімет отырысында Әлеуметтік-экономикалық даму болжамы және 2027–2029 жылдарға арналған...

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев көрнекті ақын, қоғам қайраткері, ерекше дарын иесі ретінде халық құрметіне бөленген Марфуға Ғалиқызын 90 жасқа толған...