Ел прокурорлардың назарында 900 жоба бар

Ел прокурорлардың назарында 900 жоба бар

2023 жылғы сәуірде Мемлекет басшысы прокурорларға маңызды инвестициялық жобаларды сүйемелдеуді тапсырды. Бұл - қадағалаудың жаңа бағыты. Бірінші кезекте, Бас прокуратура Сыртқы істер министрлігінің Инвестициялар комитетімен және инвестицияларды тарту бойынша «ҚазақИнвест» ұлттық компаниясымен тығыз қарым-қатынас орнатты. Бас прокуратурада Инвесторларды қорғау бойынша арнайы басқарма құрылып, оның 2 қызметкері «ҚазақИнвест» кеңсесінде тұрақты орналастырылды. Бұл туралы ҚР Бас прокуратурасының Қоғамдық мүдделерді қорғау қызметі бастығының орынбасары Ризат Смағұлов ОКҚ алаңында өткен дөңгелек үстел барысында хабарлады, деп хабарлайды No-comment.kz - Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметіне сілтеме жасап.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

– Есепсіз немесе көзге көрінбейтін дүниені басқару қиын. Сондықтан Үкімет көп созбай, ведомстволар деңгейіндегі жағдайға базалық есеп жүргізетін...

Мемлекет басшысы жиында сөйлеген сөзінде әлем технологиялық трансформацияның мүлдем жаңа кезеңіне қадам басқанына назар аударды. Президенттің...