Шымкентте көркем гимнастикадан жас чемпиондар анықталады

Шымкентте көркем гимнастикадан жас чемпиондар анықталады

Шымкент қаласында көркем гимнастикадан ҚР VI Жастар спорттық ойындары басталды. Төрт жылда бір өтетін спорттық бәсеке 26 ақпан мен 1 наурыз аралығына жоспарланған. Кеше жарыстың салтанатты ашылу рәсімі өтті, деп хабарлайды No-comment.kz ақпараттық агенттігі.

Көркем гимнастикадан Жастар ойындарына еліміздің барлық өңірлерінен және Астана, Алматы, Шымкент қалаларынан, жалпы 300-ден астам спортшы қатысады. Жарыс жекелей және топтық жаттығу бойынша үш жас ерекшелігі аясында өтеді. Шымкент қаласынан жауапты сайыста жалпы 25 спортшы бақ сынап жатыр.

VI Жастар спорттық ойындары – жас спортшылардың шеберлігін шыңдап, болашақ чемпиондардың қалыптасуына жол ашатын маңызды жарыс. Сондай-ақ, осы жарыста алдағы республикалық және халықаралық турнирлерге қатысатын ел үздіктері анықталады.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

– Есепсіз немесе көзге көрінбейтін дүниені басқару қиын. Сондықтан Үкімет көп созбай, ведомстволар деңгейіндегі жағдайға базалық есеп жүргізетін...

Мемлекет басшысы жиында сөйлеген сөзінде әлем технологиялық трансформацияның мүлдем жаңа кезеңіне қадам басқанына назар аударды. Президенттің...