Президент Кувейт Мемлекетінің Әміріне құттықтау жеделхатын жолдады

Президент Кувейт Мемлекетінің Әміріне құттықтау жеделхатын жолдады

Қасым-Жомарт Тоқаев шейх Мишааль әл-Ахмад әл-Джабер ас-Сабахты Кувейт Мемлекетінің Ұлттық күнімен құттықтады, деп хабарлайды No-comment.kz - Ақордаға сілтеме жасап.

Мемлекет басшысы жеделхатта Кувейтті Таяу Шығыс пен ислам әлеміндегі саяси және экономикалық тұрғыдан беделді ел ретінде бағалайтынын жеткізді. Сондай-ақ мемлекеттеріміз арасындағы дәстүрлі достық пен өзара қолдауға негізделген сан қырлы саладағы ынтымақтастық қос халықтың игілігі үшін алдағы уақытта да қарқынды дами беретініне сенім білдірді.

Қасым-Жомарт Тоқаев шейх Мишааль әл-Ахмад әл-Джабер ас-Сабахтың жауапты қызметіне толайым табыс, ал бауырлас Кувейт халқына бақ-береке тіледі.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

– Есепсіз немесе көзге көрінбейтін дүниені басқару қиын. Сондықтан Үкімет көп созбай, ведомстволар деңгейіндегі жағдайға базалық есеп жүргізетін...

Мемлекет басшысы жиында сөйлеген сөзінде әлем технологиялық трансформацияның мүлдем жаңа кезеңіне қадам басқанына назар аударды. Президенттің...