Ғалымның бейіні мен Ғылыми-зерттеу институттарының цифрлық паспорттары әзірленді

Ғалымның бейіні мен Ғылыми-зерттеу институттарының цифрлық паспорттары әзірленді

Жоғары білім беру саласында Цифрлық трансформациялау стратегиясын іске асыру шеңберінде озық цифрлық технологияларды пайдалана отырып, ғылыми процестерді жаңғыртуға бағытталған маңызды бастамалар жүргізіліп жатыр. Министрлік ғылымының цифрлық экожүйесін –талдамалық деректерді жинауды жүзеге асыруға және елдегі ғылымды басқарудың тиімділігін арттыруға мүмкіндік беретін ұлттық ғылыми-талдамалық жүйені құруға бел буды. Бүгінгі таңда ғылымның цифрлық экожүйесінің архитектурасы алдыңғы бөлігі болып табылатын және деректерді жинауды, сақтауды автоматтандыру, тиісті сұраныстар бойынша ғылыми және ғылыми-техникалық ақпаратты тиімді іздеуді және беруді қамтамасыз ету құралы болып табылатын Цифрлық ғылыми порталдан тұрады. Бұл жайында ҚР ҒЖБМ Цифрландыру және мемлекеттік қызмет көрсету департаментінің директоры Нұрсұлтан Махатов ОКҚ брифингінде айтты, деп хабарлайды No-comment.kz - Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметіне сілтеме жасап.

Ғылымды дамытудың басым бағыттарын бекітуден бастап ғылыми жобаларды іске асыруға қаржы бөлуге дейін қаржыландырудың конкурстық рәсімдерінің негізгі процестерін жүзеге асыратын «Ұлттық мемлекеттік ғылыми-техникалық сараптама орталығы» автоматтандырылған ақпараттық жүйесінің функционалы кеңейтілді және жаңғыртылды. Ғылыми жарияланымдарды бағалау және талдау үшін Қазақстандық ғылыми дәйексөз индексі жұмыс істейді. Бұл жүйелер экожүйенің өзегі болып табылады және ғылыми қоғамдастық қызметінің негізгі көзі болады. Осылайша, бірыңғай ақпараттық кеңістік ашықтықты және көрсетілетін мемлекеттік және өзге де қызметтердің мерзімдерін азайтуды қамтамасыз етеді.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

– Есепсіз немесе көзге көрінбейтін дүниені басқару қиын. Сондықтан Үкімет көп созбай, ведомстволар деңгейіндегі жағдайға базалық есеп жүргізетін...

Мемлекет басшысы жиында сөйлеген сөзінде әлем технологиялық трансформацияның мүлдем жаңа кезеңіне қадам басқанына назар аударды. Президенттің...