3 айлық кәсіптік оқытудың І ағымы басталды

3 айлық кәсіптік оқытудың І ағымы басталды

 «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасының І- бағыты шеңберінде 3 айлық кәсіптік оқыту курстарына 2500-ден астам азаматты оқыту жоспарланып, кәсіптік оқытудың І- ағымы 21 маусымда басталды, деп хабарлайды Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі.

Бұл туралы қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасы басшысының міндетін атқарушы Ерман Бекмұратов қала әкімдігінің «Instagram» және Facebook парақшасында өткен тікелей эфирде мәлімдеді. Е.Бекмұратов атқарылған жұмыстарды қорытындылап, тұрғындар сауалына жауап берді.

Биыл жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі өңірлік комиссиясының шешімімен 600 адам жұмыс берушілердің сұранысына сәйкес 8 мамандық бойынша 11 білім беру ұйымдарында және 1 900 адам 24 мамандық бойынша 18 білім беру ұйымдарында, еңбек нарығының сұранысына сәйкес 30-дан астам қажетті мамандықтар бойынша 3 ай мерзімге оқытылатындығы бекітілді.

Қатысушыларға ай сайын 17 мың теңге көлемінде шәкіртақы төленеді. Оқуға 18 жастан зейнет жасына дейінгі жұмыссыз азаматтар қатыса алады. Дәріс беру аптасына 6 күн, 6 сағаттан жүргізіледі. Оқу аяқталған соң арнайы сертификат беріледі. Сонымен қатар, оқуын аяқтаған азаматтарды еңбек нарығының сұранысымен жұмыс берушілердегі пайда болған бос жұмыс орындарына жұмысқа орналасуына ықпал етілетін болады.

Басқарма басшысының міндетін атқарушы тікелей эфир барысында жұмыспен қамту және әлеуметтік сала бойынша атқарылып жатқан жұмыстар барысын баяндап, соңынан тұрғындар тарапынан қойылған сұрақтарға егжей-тегжейлі жауап берді.

Ерман Бекмұратовтың айтуынша, «Жастар практикасы» бағдарламасы аясында бірқатар жұмыстар атқарылуда. Қала аумағында орналасқан индустриалды аймақтардағы кәсіпорындармен жұмыссыз азаматтарды жұмыспен қамту мақсатында меморандумға отырып, келіссөздер жүргізілуде. Сондай-ақ, жоғары оқу орындары мен колледждердің түлектеріне «Жастар практикасы» бағдарламасының тиімділігі жайында түсіндіру жұмыстары да жүріп жатыр.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Премьер-министр Олжас Бектеновтің төрағалығымен өткен Үкімет отырысында алдағы жылыту маусымына дайындық барысы қаралды. Онда энергетика министрі...

Премьер-министр Олжас Бектеновтің төрағалығымен өткен Үкімет отырысында Әлеуметтік-экономикалық даму болжамы және 2027–2029 жылдарға арналған...

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев көрнекті ақын, қоғам қайраткері, ерекше дарын иесі ретінде халық құрметіне бөленген Марфуға Ғалиқызын 90 жасқа толған...