Шымкентте садақ атудан жасөспірімдер арасындағы ел чемпионаты басталды

Шымкентте садақ атудан жасөспірімдер арасындағы ел чемпионаты басталды

Бүгін садақ атудан жабық кешендегі ҚР чемпионаты басталды, деп хабарлайды No-comment.kz ақпараттық агенттігі.

Дүбірлі додаға еліміздің өңірлерінен 300-ден астам спортшы қатысуда. Жарыста Астана, Алматы, Шымкент қалаларынан және Алматы, Ақмола, Батыс Қазақстан, Павлодар, Қарағанды, Түркістан, Жетісу облыстарынан келген жас мергендер бақ сынасуда. Чемпионат – халықаралық ареналарда ел намысын қорғайтын болашақ спортшыларды анықтайтын маңызды бәсеке.

Спортшылар мергендік қабілеттерін көрсетіп, жүлделі орындар үшін тартысты бәсеке өткізеді. Мақсат – садақ ату спортының дамуына серпін беру, жас спортшылардың тәжірибесін арттыру және ұлттық құрама сапына лайықты спортшыларды іріктеу. Турнир жеңімпаздары мен жүлдегерлері 24 ақпанда марапатталады.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Казахстан все чаще рассматривается за рубежом не только как сырьевая экономика, но и как страна, которая постепенно выстраивает более устойчивую...