Биыл Тұран ауданында 59 көше асфальтталады

Биыл Тұран ауданында 59 көше асфальтталады

Тұран ауданында инфрақұрылымды дамыту жұмыстары қарқынды жалғасуда, деп хабарлайды No-comment.kz ақпараттық агенттігі.

Өткен жылы аудан көлемінде ауқымды жұмыстар атқарылып, 42 көшеге асфальт төселді, ал тағы 49 көшеге шағал тас төселіп, жол сапасы жақсарды. Сонымен қатар, 39 көшеде ұзындығы 21,3 шақырым болатын жаяу жүргіншілер жолдары салынды.

2025 жылы да бұл жұмыстар жалғасады. Жоспарға сәйкес, 59 көше (42,8 шақырым) асфальтталып, 23 көшеге 20 шақырым шағал тас төселеді. Бұдан бөлек, 35 көшеде 21,1 шақырым жаңа аяқ жол салу көзделіп отыр.

Бұл шаралар аудан тұрғындарының жол жүру қауіпсіздігін арттырып, инфрақұрылымды жақсартуға бағытталған.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясы жобасын талқылау және түсіндіру мақсатында Шымкент қаласындағы «Болашақ» колледжінде талқылау жиыны...

На основании ряда предложений от граждан, общественных организаций, ученых и юридического сообщества в проект новой Конституции РК были внесены...

Заңнама және құқықтық ақпарат институтының директоры Индира Әубәкірова Конституциялық реформа жөніндегі комиссияның оныншы отырысында жаңа Ата заң...