Шымкенттік дәрігерлер 4 айлық сәбиге күрделі ота жасады

Шымкенттік дәрігерлер 4 айлық сәбиге күрделі ота жасады

Қалалық балалар клиникалық ауруханасында 4 айлық сәбиге бірегей ота жасалды. Нәресте ауыр жағдайда тума сол жақты гидронефроз 3 дәрежесімен ауруханаға түскен, деп хабарлайды No-comment.kz ақпараттық агенттігі.
Антенаталды кезеңнен бақылауда болып, толық тексерілуден кейін көлемді отаға дайындық жүргізілді. Тексеру кезінде сәбиде бүйректің зәр шығару жолдары айтарлықтай тарылып, сол бүйректің қызметі төмендегені анықталған.
Балаға жоспарлы түрде сол жақты люмботомия және несепағар- түбекше сегментінің резекциясы, Хайнц-Андерсон бойынша зар жолдары пластикасы жасалды. Ота сәтті өтіп, сәби үйіне шығарылды.
Айта кетейік, бұған дейін оталарды жасау үшін науқас балалар Астана, Алматы қаласындағы республикалық орталықтарға жолдамамен жіберілетін. Бір жылдан бері Шымкенттегі балалар клиникалық ауруханасының дәрігерлері урологиялық оталарды сәтті жасап, балаларға сапалы медициналық көмек көрсетуде. Ауруханада бүгінге дейін урологиялық 60-қа жуық ота жасалды.
Тумасынан бүйрек ахауы бұзылған балалар босану үйінен бастап бақылауға алынып және ота күнін белгілеп, денсаулық көрсеткішіне қарай шұғыл ота жасалады. Отаның ерекшелігі - бүйректі қалпына келтіру болып табылады.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Ата Заңның жаңа мәтініндегі жаңа ұстанымдар мен нормалар басқа елдерге үлгі де бағдар да болатын жаңашылдықтар. Бұл туралы Конституциялық реформа...

Премьер-Министрдің орынбасары – Жасанды интеллект және цифрлық даму министрі Жаслан Мәдиев Starlink өкілдерімен елімізде спутниктік технологияларды...

Ақтау гарнизонында теңіз жаяу әскерінің десанттық-шабуылдау батальонында мерзімді әскери қызмет өткеріп жүрген матрос Бақдәулет Күздібаев әскери...