Этноауылда «Биебау» этно-танымдық шара өтті

Этноауылда «Биебау» этно-танымдық шара өтті

«Shymqala» этноауылында «Биебау» этно-танымдық шара онлайн форматта өтті. Аталған шарада қазақ халқының ұлттық сусыны – қымыздың құндылығы насихатталып, әрі ұмытылуға айналған ұлттық мерекені жарыққа шығару жолдары көрсетіліп, жас ұрпаққа салт-дәстүрлеріміздің мән-мағынасы кеңінен таныстырылд, деп хабарлайды Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі.

Шымкент қалалық Әдет-ғұрып және салт-дәстүр орталығының ұйымдастыруымен іс-шара аясында биені сауудағы атқарылатын ғұрыптар, қымыз дайындау процесі көрсетілді. «Үкілі» әжелер мен орталық қызметкерлері «Биебау» дәстүрінен көріністер қойды. Сонымен қатар қолөнер шеберлерінің көрмесі, әйелдер арасында «қатын күрес» ойыны, балаларға «асық» ойындары, «мешкейлер» сайысы өтті. Үлкендер қымыздан дәм татып, келелі әңгіме айтты. Іс-шара соңы «Алтыбақан» ойын-сауығына ұласты.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Премьер-министр Олжас Бектеновтің төрағалығымен өткен Үкімет отырысында алдағы жылыту маусымына дайындық барысы қаралды. Онда энергетика министрі...

Премьер-министр Олжас Бектеновтің төрағалығымен өткен Үкімет отырысында Әлеуметтік-экономикалық даму болжамы және 2027–2029 жылдарға арналған...

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев көрнекті ақын, қоғам қайраткері, ерекше дарын иесі ретінде халық құрметіне бөленген Марфуға Ғалиқызын 90 жасқа толған...