Шымкентте жедел жәрдем қызметкерлерінің біліктілігін жетілдіру бойынша жұмыстар қарқынды жүргізілуде

Шымкентте жедел жәрдем қызметкерлерінің біліктілігін жетілдіру бойынша жұмыстар қарқынды жүргізілуде

Шымкент қалалық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Н.А. Асылбековтың төрағалымен жедел жәрдем станция қызметкерлерімен семинар өткізілді. Жиында шақыртуларға уақытылы жету, науқастарға сапалы дұрыс көмек көрсету, қажет болған жағдайларда ауруханаға уақытылы жеткізу, аналардың, балалардың өлімін болдырмау мәселелері талқыланып, мәселерлерлің шешімі айтылды, деп хабарлайды No-comment.kz ақпараттық агенттігі.

Сондай-ақ ҚР денсаулық сақтау Министірінің тапсырмасына сәйкес, Шымкент қалалық ДСБ-ның ұйымдастыруымен, Шымкент қаласының жедел жәрдем бригадаларын аттестациялау жүргізілді. Біліктілігін жетілдіруден 1130 қызметкер өтті.
Әртүрлі бейін мамандарынан құрылған сарапшылар тобы арнайы әзірленген бақылау парақтары бойынша сұрақтар койып, түрлі жағдайлар бойынша симуляциялық құрылғыларды пайдалана отырып, дәрігерлермен фельдшерлердің біліктілік деңгейі тексерді.

Сонымен қатар, жедел жәрдем қызметкерлеріне жиналыстар ұйымдастырылып, жұмыстың маңыздылығы мен жауапкершілігі жоғары екені айтылып қызмет көрсету барысында орын алуы мүмкін жағдайлар бойынша талдаулар жүргізілді. Халыққа көрсетілетін қызметтің сапалы жүргізілуі керектігі жөнінде қатаң тапсырмалар берілді.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Ата Заңның жаңа мәтініндегі жаңа ұстанымдар мен нормалар басқа елдерге үлгі де бағдар да болатын жаңашылдықтар. Бұл туралы Конституциялық реформа...

Премьер-Министрдің орынбасары – Жасанды интеллект және цифрлық даму министрі Жаслан Мәдиев Starlink өкілдерімен елімізде спутниктік технологияларды...

Ақтау гарнизонында теңіз жаяу әскерінің десанттық-шабуылдау батальонында мерзімді әскери қызмет өткеріп жүрген матрос Бақдәулет Күздібаев әскери...