Көпбалалы аналарға арналған курстар

Көпбалалы аналарға арналған курстар

Шымкент қалалық Жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасына қарасты «SHANYRAQ» Отбасы институтын қолдау орталығы көпбалалы аналарға үй жағдайында отырып табыс табу жолдарын үйрету үшін түрлі салалар бойынша бағыт-бағдар беріп жүр, деп хабарлайды Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі.

Осы орайда орталықта көпбалалы аналарға арналған SMM курсы ашылды. «Шаңырақ» жастар мен жас отбасыларды қолдау қоғамдық бірлестігінің басшысы Сабира Байзахова «Инфобизнес саласы және SMM жүргізу» атты курс жүргізеді. Курс 1 ай мерзімге созылады, аптасына екі рет өткізіледі. Алғашқы сабақ ағымдағы жылғы 2 шілдеде, сағат 11.00-де өтеді.

Айта кетейік SMM саласын меңгерген адам әлеуметтік желілер арқылы үйде отырып, табыс таба алады. Курсқа жазылу және де толық мәліметтер алу үшін байланыс нөміріне 8775 045 39 17 хабарласуға болады.

Мекен-жайы: Бәйдібек би даңғылы, 32 а.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Эколог күні қарсаңында, 2026 жылғы 1 маусымда Қазақстанға Чехия Республикасынан кертағының (Пржевальский жылқыларының) кезекті тобы жеткізілді. Бұл...

Қазақстан Республикасының Премьер-министрі Олжас Бектенов Қытай Халық Республикасының Гонконг Арнайы әкімшілік ауданының Басшысы Джон Лимен кездесу...

«Развитие города должно быть комплексным, соответствовать передовым международным строительным нормам и правилам. В целом, цель концепции Alatau...