2024 жылдың 11 айында Түркістан облысында жалпы өңірлік өнім көлемі 4,3 трлн теңгеге жетті

2024 жылдың 11 айында Түркістан облысында жалпы өңірлік өнім көлемі 4,3 трлн теңгеге жетті
2024 жылы Түркістан облысының әлеуметтік-экономикалық дамуында негізгі салалар бойынша оң өсімге қол жеткізілді. Экономиканың басты көрсеткіші болып табылатын жалпы өңірлік өнім көлемі 4,3 трлн. теңгеден асты. қысқа мерзімді экономикалық өсім 109,8%-ды құрады, деп хабарлайды No-comment.kz ақпараттық агенттігі.
Ел Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Қазақстан халқына арнаған «Әділетті Қазақстан: Заң мен тәртіп, экономикалық өсім, қоғамдық оптимизм» атты биылғы Жолдауында экономиканың құрылымын өзгертуге баса назар аударуды тапсырды. Инвестиция тарту жұмысын күшейту керектігін айтты. Түркістан өңірінде осы бағытта нақты жұмыстар атқарылды.
Өнеркәсіп саласында 1 078,6 млрд. теңгеге өнім өндіріліп, өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 109 %-ға артты. Өсімге негізінен тау-кен және өңдеу өнеркәсібі есебінен қол жеткізілді. Биыл өңдеу саласында 25 млрд. теңгеге 13 жобаны жүзеге асыру жоспарланса, 11 айда 12 жоба іске қосылып, жұмыс орындары ашылды.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінде Әдеп жөніндегі уәкілдің жұмыс жоспарын іске асыру шеңберінде «Мемлекеттік...

ҚР Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова Қазақстан өңірлерінде жыл соңына дейін нефрология бойынша құзыреттілік орталықтарын ашуды, диализдік көмектің сапасын...

Қазақстан Республикасының Премьер-министрі Олжас Бектенов пен Қырғыз Республикасы Министрлер кабинетінің төрағасы – Президент Әкімшілігінің басшысы...