ТҰРАН ШАҒЫНАУДАНЫНА ҚАТЫНАЙТЫН №17 АВТОБУСТЫҢ ЖОЛЫ ҰЗАРТЫЛДЫ

ТҰРАН ШАҒЫНАУДАНЫНА ҚАТЫНАЙТЫН №17 АВТОБУСТЫҢ ЖОЛЫ ҰЗАРТЫЛДЫ

«Тұран» шағынауданын дамыту бойынша қала әкімі Мұрат Әйтеновтің төрағалығымен өткен көшпелі жиында аталған аудан тұрғындары №17 машрутты созу туралы өтініш жасаған болатын, деп хабарлайлы Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі.

Тұрғындардың өтінішін назарға алған қала басшысы бұл мәселені шешуді қалалық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшысы Ержан Жолдасовқа тапсырған болатын. Міне бүгін басқарма басшысы өз бақылауына алып, аталған маршрутты Тұран-1-де орналасқан үйлерге дейін ұзартты.

№17 маршруттың аралық жиілігі 20-25 минутты құрайды. Бұл бағытта жұмыс күндері -7, ал демалыс күндері -5 автобус қызмет көрсетеді. Тағы айта кететін жағдай басқарма тарапынан м/а тұрғындары санының өсуіне байланысты №75 маршрутты қосу жұмыстары жоспарлануда.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Эколог күні қарсаңында, 2026 жылғы 1 маусымда Қазақстанға Чехия Республикасынан кертағының (Пржевальский жылқыларының) кезекті тобы жеткізілді. Бұл...

Қазақстан Республикасының Премьер-министрі Олжас Бектенов Қытай Халық Республикасының Гонконг Арнайы әкімшілік ауданының Басшысы Джон Лимен кездесу...

«Развитие города должно быть комплексным, соответствовать передовым международным строительным нормам и правилам. В целом, цель концепции Alatau...