Олжас Бектенов жаңа вице-премьер – ұлттық экономика министрін таныстырды

Олжас Бектенов жаңа вице-премьер – ұлттық экономика министрін таныстырды

Премьер-министр Олжас Бектенов Ұлттық экономика министрлігі ұжымына ведомствоның жаңа басшысы Серік Жұманғаринді таныстырды, деп хабарлайды No-comment.kz - Премьер-Министрінің ресми ақпарат ресурсына сілтеме жасап.

Олжас Бектенов Нұрлан Байбазаровқа вице-премьер – ұлттық экономика министрі ретінде атқарған жұмыстары үшін алғысын білдіріп, алдағы қызметіне табыс тіледі.

Серік Жұманғаринді таныстару барысында Премьер-министр ведомствоның алдағы кезеңге арналған басым міндеті – Мемлекет басшысының экономиканың серпінді өсімін қамтамасыз ету жөніндегі тапсырмасын орындау екенін баса айтты. Бүгінгі таңда экономика тұрақты өсу үрдісін көрсетіп отыр. Экономиканы құрылымдық өзгерту, бюджет, салық саясатының тиімділігі мен бюджеттік параметрлерді болжау деңгейін арттыру жұмыстарын күшейту тапсырылды.

Бұдан басқа, басым салалардағы экономикалық өсуді қамтамасыз ету үшін Ұлттық экономика министрлігі бизнесті қолдаудың теңгерімді саясатын және тарифтік реттеудің салмақты саясатын жүргізуі қажет.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінде Әдеп жөніндегі уәкілдің жұмыс жоспарын іске асыру шеңберінде «Мемлекеттік...

ҚР Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова Қазақстан өңірлерінде жыл соңына дейін нефрология бойынша құзыреттілік орталықтарын ашуды, диализдік көмектің сапасын...

Қазақстан Республикасының Премьер-министрі Олжас Бектенов пен Қырғыз Республикасы Министрлер кабинетінің төрағасы – Президент Әкімшілігінің басшысы...