Елімізде төтенше жағдайлардың алдын алу жүйесі жақсаруда

Елімізде төтенше жағдайлардың алдын алу жүйесі жақсаруда

2024 жылы еліміздің құтқарушылары 83,3 мыңнан астам шығуды орындады, оның 10 мыңы – өртке қарсы, 19 мыңы – апатты-құтқару жұмыстарына байланысты болды, деп хабарлайды No-comment.kz ақпараттық агенттігі.

Жыл басынан бері 14 мыңнан астам адам құтқарылып, 66,5 мыңнан астам адам эвакуацияланды, ал 8 мың адам алғашқы медициналық-психологиялық көмек алды. Аталған деректер құтқару қызметінің төтенше жағдайларға дайындығының жоғары деңгейін растайды.

ТЖ алдын алуға ерекше назар аударылады. Заманауи технологиялар, соның ішінде дрондар мен геоақпараттық жүйелер тәуекелдерді уақтылы бақылауға көмектеседі. Ормандарда өртті ерте анықтау жүйесін енгізу табиғи өрттердің санын өткен жылмен салыстырғанда 2,6 есеге азайтуға мүмкіндік берді.

Сонымен қатар 2024 жылы құтқару қызметтерінің материалдық-техникалық базасын жаңарту жалғасын тапты. Пилоттық жобада Қостанай облысында құтқарушылар үшін жаңа киім-кешек сәтті сыналды, ал Астанада 3,5 айдың ішінде тез салынатын конструкциялардан өрт депосы салынды. Мұның бәрі төтенше жағдайларға жедел әрі тиімді түрде ден қоюға ықпал етеді.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінде Әдеп жөніндегі уәкілдің жұмыс жоспарын іске асыру шеңберінде «Мемлекеттік...

ҚР Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова Қазақстан өңірлерінде жыл соңына дейін нефрология бойынша құзыреттілік орталықтарын ашуды, диализдік көмектің сапасын...

Қазақстан Республикасының Премьер-министрі Олжас Бектенов пен Қырғыз Республикасы Министрлер кабинетінің төрағасы – Президент Әкімшілігінің басшысы...