Елімізде қант қызылшасын жинау науқаны аяқталды

Елімізде қант қызылшасын жинау науқаны аяқталды

Премьер-министрдің орынбасары Серік Жұманғариннің төрағалығымен өткен кеңесте қант қызылшасын жинау нәтижелері қарастырылды. Елімізде қант қызылшасының орташа өнімділігі гектарынан 535,5 центнерді құрап, шамамен 1,3 млн тонна жиналды, деп хабарлайды No-comment.kz - Премьер-Министрінің ресми ақпарат ресурсына сілтеме жасап.

20 желтоқсандағы жағдай бойынша қазақстандық қант зауыттары өңдеуге 988,6 мың тонна  өнім қабылдады: «Ақсу қант» зауыты – 351,7 мың тонна (оның ішінде Жамбыл облысынан – 39,3 мың тонна); Көксу қант зауыты – 252,6 мың тонна; Меркі қант зауыты – 384,3 мың тонна. Қалған өнім өңдеуге дейін фермерлердің қант қызылшасы үйінділерінде сақтаулы.

Жалпы өнімнің жартысы – 640 мың тонна Жамбыл облысында жиналды. Бұл аймақта қант қызылшасын тек Меркі қант зауыты өңдейді. Қолданыстағы қуаттылықтарға сәйкес, Меркі зауыты 450 мың тонна, Жетісу облысындағы Ақсу зауыты 100 мың тонна қабылдайды, ал қалған 90 мың тонна қант қызылшасы Қырғызстанның қант зауыттарына жөнелтіледі.

Мұндай шешім жиналған өнімнің барлығын толық өңдеуді қамтамасыз ету мақсатында қабылданды. Қазақстан мен Қырғызстан үкіметтері арасында қант қызылшасын үздіксіз қабылдау, өңдеу және дайын қантты кері жеткізу бойынша келісімдер бекітілген.

Сонымен қатар фермерлерге қант қызылшасын қай зауытқа тапсырғанына қарамастан, қолданыстағы тәртіп бойынша әкімдіктер мен қант зауыттары тарапынан субсидиялар төленеді.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Ата Заңның жаңа мәтініндегі жаңа ұстанымдар мен нормалар басқа елдерге үлгі де бағдар да болатын жаңашылдықтар. Бұл туралы Конституциялық реформа...

Премьер-Министрдің орынбасары – Жасанды интеллект және цифрлық даму министрі Жаслан Мәдиев Starlink өкілдерімен елімізде спутниктік технологияларды...

Ақтау гарнизонында теңіз жаяу әскерінің десанттық-шабуылдау батальонында мерзімді әскери қызмет өткеріп жүрген матрос Бақдәулет Күздібаев әскери...