Тәуелсіздік күні қарсаңында Қызылордада 500-ден астам отбасы жаңа баспанаға ие болды

Тәуелсіздік күні қарсаңында Қызылордада 500-ден астам отбасы жаңа баспанаға ие болды

ҚР Премьер-министрінің орынбасары Тамара Дүйсенова Қызылорда облысына жұмыс сапары барысында жаңа пәтерлер кілтін табыстау рәсіміне қатысты. Сырдарияның сол жағалауында баспана кезегінде тұрған отбасыларға арнап салынған жеті қабатты 6 үй пайдалануға берілді, деп хабарлайды No-comment.kz - Премьер-Министрінің ресми ақпарат ресурсына сілтеме жасап.

«Халықтың әл-ауқатын жақсарту, жайлы өмір сүруге жағдай жасау – еліміздің маңызды стратегиялық міндеттерінің бірі. Мемлекетіміз үшін қастерлі мереке – Тәуелсіздік күні қарсаңында 500-ден астам отбасы қоныс тойын тойлағалы отыр. Қуаныштарыңыз құтты болсын!», — деді, жаңа қоныс иелерін құттықтаған вице-премьер.

Жаңа пәтер кілтін алғандар қатарында көпбалалы отбасылар да бар. Мәселен, Әсия Есенбекова 5 жыл пәтер кезегінде тұрған.

«Бүгін бізге 3 бөлмелі пәтер кілті табысталды. Баспаналы болу – біздің отбасымыз үшін үлкен қуаныш. Біз өте ризамыз. Көрсеткен қолдауларыңыз үшін сіздерге алғысымызды білдіреміз», — деді Әсия Есенбекова.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Қасым-Жомарт Тоқаев пен Режеп Тайип Ердоған бейнебайланыс режимі арқылы Түркияда бой көтерген Қожа Ахмет Ясауи атындағы мектептің ашылу салтанатына...

Мемлекет басшысы Түркия Қазақстан үшін бауырлас ел, маңызды әрі сенімді серіктес саналатынын атап өтіп, тамыры терең байланыстар қос халықтың...