Еліміздегі 3 жылдық геологиялық зерттеулерді қаржыландырудың жалпы сомасы 20 млрд теңгеден асты

Еліміздегі 3 жылдық геологиялық зерттеулерді қаржыландырудың жалпы сомасы 20 млрд теңгеден асты
Қазақстанның минералдық-шикізат базасына қатты және кең таралған пайдалы қазбалар, көмірсутектер және жер асты сулары кен орындары кіреді. Барлығы 987-ден астам қатты пайдалы қазбалар кен орындары мемлекеттік теңгеріммен есепке алынады. Оның ішінде көмірсутектер – 355, қатты пайдалы қазбалар – 987, кең таралған пайдалы қазбалар – 3 666 және жер асты суларыны – 4540 кен орны тіркелген. Геологиялық барлау нәтижелері бойынша 2023-2024 жылдары алғаш рет келесі кен орындар мемлекеттік есепке алынды: қатты пайдалы қазбалар – 27, көмірсутектер – 10, жер асты сулары – 23. Бұл туралы ҚР ӨҚМ Геология комитетінің төрағасы Ерлан Акбаров ОКҚ брифингінде мәлім етті, деп хабарлайды No-comment.kz - Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметіне сілтеме жасап.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Қасым-Жомарт Тоқаев пен Режеп Тайип Ердоған бейнебайланыс режимі арқылы Түркияда бой көтерген Қожа Ахмет Ясауи атындағы мектептің ашылу салтанатына...

Мемлекет басшысы Түркия Қазақстан үшін бауырлас ел, маңызды әрі сенімді серіктес саналатынын атап өтіп, тамыры терең байланыстар қос халықтың...