Шымкентте спорт мектебінің қосымша корпусы пайдалануға берілді

Шымкентте спорт мектебінің қосымша корпусы пайдалануға берілді

Қала әкімі Ғабит Сыздықбеков Сайрам тұрғын алабындағы №12 спорт мектебі қосымша корпусының ашылу салтанатына қатысты. Ел Тәуелсіздігі күні қарсаңында қолданысқа берілген екі ауысымда жұмыс істейтін нысанда бір мезетте 200-ге жуық спортшы оқу-жаттығумен айналыса алады. Мұнда ауқымды спорттық жарыстар өткізуге болады, деп хабарлайды No-comment.kz ақпараттық агенттігі.

Заманауи талапқа сай бой көтерген ғимараттың жертөлесінде пауэрлифтинг және ауыр атлетика залдары және киім ауыстыру бөлмесі, душ қарастырылған. Сондай-ақ жаттықтырушылар, инструкторлар, төрешілер бөлмелері бар. Бірінші қабатта вестибюль-фойе, күзетші бөлмесі, асхана, 210 орындық көрермендерге арналған трибунасы бар әмбебап спортзал, медициналық пункт жайғастырылған. Ал екінші қабатта демалыс холы, бокс, күрес, бадминтон оқу-жаттығу залдары орналасқан.

Бүгінде спорт мектебінің үздіктері үстел теннисі, бокс пен таеквондодан Ұлттық құрама сапында, Әлем, Азия чемпионаттарында жеңімпаз атануда.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Құрылтай отырысына қатысып, Конституцияның 46-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Вице-Президенті мен...

Әпке! Кімге болсын әпкенің қадірі, орны бөлек – жанашырың, сен үшін күйіп-пісер жанкүйерің. Бұған әпкелер қанатының астында жетіліп, кемдік көрмей,...