Түркістан облысында 1300-ден аса нысан санитарлық-эпидемиологиялық талаптарға сай деп танылған

Түркістан облысында 1300-ден аса нысан санитарлық-эпидемиологиялық талаптарға сай деп танылған

Түркістан облысында 2024 жылы «Е-лицензия» жүйесі арқылы аудандық, қалалық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармаларына мемлекеттік қызмет көрсетуге қатысты 3 661 өтініш тіркелген. Оның ішінде 1343-іне нысандардың санитариялық-эпидемиологиялық талаптарға сәйкесітігі туралы қорытынды берілген. Бұл жайында Түркістан облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары Асқар Ысқақов брифингте мәлімдеді, деп хабарлайды No-comment.kz ақпараттық агенттігі.

«Түркістан облысы аумағындағы нысандарға санитариялық-эпидемиологиялық қорытынды беру мемлекеттік қызметін Түркістан облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті және оның аумақтық басқармаларының құзыретінде. Мемлекеттік қызмет «электрондық үкімет» www.egov.kz, www.elicense.kz веб-порталы арқылы жүзеге асырылады. Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі 13 жұмыс күнін құрайды»- деді спикер.

Сонымен қатар, Асқар Бекболатұлы нысанға санитариялық-эпидемиологиялық қорытынды берудің тәртібі барын айтып, белгіленген мерзімде жұмыстар атқарылатынын тілге тиек етті.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Ұлжан есімді шымкенттік тұрғын соңғы уақытта халық көп жиналған орындарда әдейі шу шығарып, қоғамдық резонанс тудыруды әдетке айналдырған. Әкімдікке қайта-қайта келіп,...

Қасым-Жомарт Тоқаев пен Режеп Тайип Ердоған бейнебайланыс режимі арқылы Түркияда бой көтерген Қожа Ахмет Ясауи атындағы мектептің ашылу салтанатына...

Мемлекет басшысы Түркия Қазақстан үшін бауырлас ел, маңызды әрі сенімді серіктес саналатынын атап өтіп, тамыры терең байланыстар қос халықтың...