Олжас Бектенов Экономиканы демонополизациялау жөніндегі комиссия отырысын өткізді

Олжас Бектенов Экономиканы демонополизациялау жөніндегі комиссия отырысын өткізді

ҚР Премьер-министрі Олжас Бектенов Экономиканы демонополизациялау жөніндегі комиссия отырысын өткізді, оның шеңберінде Президенттің «Экономиканы ырықтандыру жөніндегі шаралар туралы» Жарлығын іске асыру мәселелері қаралды, деп хабарлайды No-comment.kz - Премьер-Министрінің ресми ақпарат ресурсына сілтеме жасап.

Атқарылып жатқан жұмыстар туралы Премьер-министрдің орынбасары Нұрлан Байбазаров, Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің төрағасы Марат Омаров, мүдделі мемлекеттік органдар мен ведомстволар басшылары баяндама жасады.

Сонымен қатар Комиссияға «Шар стансасы – Өскемен» теміржол желісі бойынша тасымалдау процесін қамтамасыз ететін «Dosjan Temir Joly» АҚ компаниясының қызметі туралы ақпарат берілді. Уәкілетті органдар компанияның монополиялық ережені пайдалана отырып, қызметтерге тарифтерді бірнеше рет негізсіз көтергенін анықтады, осыған байланысты Комиссия монополияға қарсы заңнаманы ескере отырып, тиісті тарифтік реттеуді енгізу туралы шешім қабылдады.

Сондай-ақ Комиссия «Шет-Энерго» ЖШС электр энергетикасын тарату компаниясының қызметін талдау нәтижелерімен танысты. Аталған компанияның тұрақты апатты жағдайларға жол беруіне байланысты, сонымен қатар өңір тұрғындарының өмірі мен денсаулығына зиян келтірмеу үшін компанияның мүлкін мемлекет пайдасына реквизициялау мақсатында сотқа жүгіну туралы шешім қабылданды.

Сонымен қатар Комиссия «ҚТЖ» ҰК» АҚ еншілес компаниясының, сумен жабдықтау және су бұру ұйымдарының, мұнай-химия кешені субъектісінің қызметіне қатысты мәселелерді қарады.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Ұлжан есімді шымкенттік тұрғын соңғы уақытта халық көп жиналған орындарда әдейі шу шығарып, қоғамдық резонанс тудыруды әдетке айналдырған. Әкімдікке қайта-қайта келіп,...

Қасым-Жомарт Тоқаев, ең алдымен, Мәртебелі Режеп Тайип Ердоғанға шақыруын қабыл алып, елімізге мемлекеттік сапармен келгені үшін шынайы ризашылығын...

Қасым-Жомарт Тоқаев пен Режеп Тайип Ердоған бейнебайланыс режимі арқылы Түркияда бой көтерген Қожа Ахмет Ясауи атындағы мектептің ашылу салтанатына...