Бішкектегі Қазақстан-Қырғызстан бизнес-форумында $8,2 млн коммерциялық келісімдерге қол қойылды

Бішкектегі Қазақстан-Қырғызстан бизнес-форумында $8,2 млн коммерциялық келісімдерге қол қойылды

2024 жылғы 1-3 желтоқсан аралығында Бішкек қаласында Қазақстан Республикасының Сауда және интеграция министрлігі, «QazTrade» АҚ Қырғыз Республикасының Сауда-өнеркәсіп палатасымен бірлесіп ұйымдастырған қазақстандық экспорттаушылардың сауда-экономикалық миссиясы өтті, деп хабарлайды No-comment.kz - Премьер-Министрінің ресми ақпарат ресурсына сілтеме жасап.

Миссия аясында түрлі салаларды қамтитын 30 қазақстандық компания қырғыз әріптестерімен В2В форматында келіссөз жүргізді.

2 желтоқсанда Бішкекте Қазақстан–Қырғызстан Үкіметаралық кеңесі қарсаңында екіжақты ынтымақтастықтың келешегін талқылау үшін маңызды тұғырнамаға айналған Қазақстан–Қырғызстан бизнес-форумы өтті.

Форум жұмысына Қазақстан мен Қырғызстанның 80 компаниясының өкілдері қатысты. Форум бағдарламасына B2B кездесулері, сондай-ақ келісімдерге қол қою рәсімі кірді. СЭМ мен форум қорытындысы бойынша жалпы сомасы $8,2 млн-нан астам 7 коммерциялық келісімге қол қойылды, бұл екі ел арасындағы экономикалық байланыстарды нығайту үшін маңызды қадам болды.

Қазақстандық делегацияны Қазақстан Республикасының сауда және интеграция вице-министрі Қайрат Төребаев басқарды, сондай-ақ іс-шараға бизнес және мемлекеттік құрылымдардың өкілдері қатысты.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Ұлжан есімді шымкенттік тұрғын соңғы уақытта халық көп жиналған орындарда әдейі шу шығарып, қоғамдық резонанс тудыруды әдетке айналдырған. Әкімдікке қайта-қайта келіп,...

Қасым-Жомарт Тоқаев, ең алдымен, Мәртебелі Режеп Тайип Ердоғанға шақыруын қабыл алып, елімізге мемлекеттік сапармен келгені үшін шынайы ризашылығын...