Қасым-Жомарт Тоқаев Лаос Президенті Тхонглун Сисулитке құттықтау жеделхатын жолдады

Қасым-Жомарт Тоқаев Лаос Президенті Тхонглун Сисулитке құттықтау жеделхатын жолдады

Мемлекет басшысы Лаос Халық Демократиялық Республикасының Президенті Тхонглун Сисулитті және оның отандастарын Тәуелсіздік күнімен құттықтады, деп хабарлайды No-comment.kz - Ақордаға сілтеме жасап.

Қасым-Жомарт Тоқаев Лаос елінің мемлекет іргесін нығайту және халықтың әл-ауқатын жақсарту жолында елеулі жетістіктерге қол жеткізгенін атап өтті.

Сондай-ақ Қазақстан Президенті бірлескен күш-жігердің арқасында екіжақты қарым-қатынастар алдағы уақытта да дами беретініне сенім білдірді.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Қазақстан Республикасының Премьер-министрі Олжас Бектенов Қырғыз Республикасына жасаған ресми сапары аясында «Стратегиялық әріптестікті дамытудағы...

Мемлекет басшысының ауыл шаруашылығында су үнемдеу технологияларын енгізуді ынталандыру жөніндегі тапсырмасын орындау мақсатында 2026-2028 жылдарға...