«Музей түні» акциясына 60 мыңнан астам адам қатысты

«Музей түні» акциясына 60 мыңнан астам адам қатысты
Халықаралық музейлер күніне орай Қазақстанда «Музей түні» республикалық акциясы өтті. Акцияға ел бойынша 60 мыңнан астам адам қатысты, деп хабарлайды No-comment.kz - ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігіне сілтеме жасап.

ҚР Ұлттық орталық музейінде акцияға қатысушылар «Жанды музей» театрландырылған экскурсиясы барысында тарихи кейіпкерлермен танысып, сирек жәдігерлерді тамашалады. Сонымен қатар ашық аспан астындағы концерт, шеберлік сағаттар мен танымдық ойындар өткізілді.

ҚР Ұлттық музейінде «Жұлдызды гид» жобасы аясында танымал тұлғалар мен қоғам қайраткерлері экскурсия жүргізді. Бұдан бөлек, технологиялық шоу көрсетіліп, интерактивті бағдарламалар мен қолөнершілер жәрмеңкесі өтті.

Акция музей-қорықтарда да жалғасып, келушілер үшін интерактивті экскурсиялар, тақырыптық көрмелер, викториналар, этнографиялық және танымдық бағдарламалар ұйымдастырылды. Сонымен қатар көпшілік ашық аспан астындағы мәдени іс-шаралар мен түнгі экскурсияларға қатысып, ұлттық және археологиялық мұралармен танысты.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Оқу жылының аяқталуына орай, «Халықаралық балаларды қорғау күні» және «Халықаралық нашақорлыққа қарсы күрес күні» қарсаңында қаламыздың полиция...

Президенттің төрағалығымен Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің кеңейтілген құрамдағы кезекті отырысы өтті, деп хабарлайды No-comment.kz - ҚР...

Премьер-министрдің орынбасары Қанат Бозымбаев Батыс Қазақстан облысына жұмыс сапары аясында  «Энергетикалық және коммуналдық секторларды жаңғырту»...