«Салтанат» мемлекеттік би ансамблі «Лазги» фестивалінде екінші орын иеленді

«Салтанат» мемлекеттік би ансамблі «Лазги» фестивалінде екінші орын иеленді

26-29 сәуір күндері Өзбекстанның Хива қаласында өткен III халықаралық «Лазги» би фестивалінде «Салтанат» мемлекеттік би ансамблі Қазақстан атынан өнер көрсетті, деп хабарлайды No-comment.kz - ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігіне сілтеме жасап.

Фестиваль аясында ансамбль қазақтың «Қыз қуу», «Домбыра дастан» билерін және өзбек халқының «Хорезм термәлері» биін шебер орындап, көрерменнің ықыласына бөленді. Нәтижесінде «Ең үздік сахналанған би» аталымы бойынша 2-орынды иеленді.

Ауқымды мәдени іс-шараға әлемнің 15 елінен келген өнер ұжымы қатысты. Олардың қатарында Қазақстан, Қытай, Үндістан, Ресей, Жапония, Түркия, Индонезия, Пәкістан, Малайзия, Өзбекстан, Беларусь, Әзербайжан, Қырғызстан, Тәжікстан және Түрікменстан болды.

Айта кетейік, «Салтанат» мемлекеттік би ансамблі аталмыш халықаралық фестивальге алғаш рет қатысты.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Голосование на выборах депутатов Курултая Республики Казахстан прошло организованно, спокойно и открыто. По информации, поступившей из регионов...

Қазақстан Республикасы Құрылтайы депутаттарының сайлауындағы дауыс беру ұйымдасқан, тыныш әрі ашық жағдайда өтті. Ел өңірлерінен келіп түскен...

KontrolerINFO басылымның Бас редакторы Анджей Казимерский (Польша) Құрылтай депутаттарының сайлауы барысына қатысты өз пікірін білдірді, деп...

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Ақордада халықаралық пән олимпиадаларында жеңімпаз атанып, жүлделі орындарға ие болған оқушылармен және студенттермен...