Ұлттық орталық музейде «Қазақстан – ортақ үйіміз» атты танымдық іс-шара ұйымдастырылды

Ұлттық орталық музейде «Қазақстан – ортақ үйіміз» атты танымдық іс-шара ұйымдастырылды

Қазақстан Республикасы Ұлттық орталық музейінде Наурызнама онкүндігі аясында тойланатын Ынтымақ күніне орай «Қазақстан – ортақ үйіміз» атты танымдық-тәрбие сағаты ұйымдастырылды. Оған «Озат» бастауыш мектеп оқушылары қатысты, деп хабарлайды No-comment.kz - ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігіне сілтеме жасап.

Аталған іс-шарада жас ұрпаққа ынтымақ пен бірліктің мазмұны, достық пен бірлік ұғымдары, Қазақстан аумағында түрлі этнос өкілдерінің өзара келісім мен татулықта өмір сүретіні туралы түсіндірілді.

Бағдарлама бірнеше кезеңді қамтыды. Кіріспе бөлімде қатысушыларға этносаралық келісім мен қоғамдық бірліктің мәні туралы ақпарат ұсынылды. Келесі кезеңде қатысушыларға арнайы әзірленген интерактивті сұрақ-жауап байқауы ұйымдастырылды. Атап айтсақ, «Ұлтты тап», «Сәлемдесу» және «Мақалды жалғастыр» сынды тапсырмалар беріліп, оқушылардың логикалық ойлау, тілдік және танымдық дағдылары анықталды. Іс-шара барысында оқушылар тақырыпқа сай өлеңдер оқып, шығармашылық қабілетін танытты.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Голосование на выборах депутатов Курултая Республики Казахстан прошло организованно, спокойно и открыто. По информации, поступившей из регионов...

Қазақстан Республикасы Құрылтайы депутаттарының сайлауындағы дауыс беру ұйымдасқан, тыныш әрі ашық жағдайда өтті. Ел өңірлерінен келіп түскен...

KontrolerINFO басылымның Бас редакторы Анджей Казимерский (Польша) Құрылтай депутаттарының сайлауы барысына қатысты өз пікірін білдірді, деп...

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Ақордада халықаралық пән олимпиадаларында жеңімпаз атанып, жүлделі орындарға ие болған оқушылармен және студенттермен...