Наурыз мерекесіне орай Бухарестте қазақстандық әртістердің гала-концерті өтті

Наурыз мерекесіне орай Бухарестте қазақстандық әртістердің гала-концерті өтті

Қазақ ұлттық хореография академиясының тәрбиеленушілері Румынияда Наурыз мерекесіне арналған гала-концертте өнер көрсетті. «When the Steppe Awakens: Nauryz in Dance» концерті Бухарест қаласында «Йон Дачиан» ұлттық оперетта және мюзикл театрының сахнасында өтті, деп хабарлайды No-comment.kz - ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігіне сілтеме жасап.

Іс-шараға қазақ диаспорасының өкілдері мен румын көрермені жиналып, Қазақстанның төл мәдениетімен танысты.

Бағдарламада классикалық, ұлттық және заманауи хореографиялық қойылымдар ұсынылды. Көрермен Петр Чайковскийдің «Щелкунчик», Герман Левенсхольдтың «Сильфида» балеттерінен үзінділер, сондай-ақ Анвара Садықова мен Алмат Шамшиев хореографиясын қойған «Ақбаян» және «Жолбарыс жүрек» спектакльдерін тамашалады.

Сонымен қатар, сахнада халықаралық байқаулардың лауреаты, сопрано Лаура Әли өнер көрсетті.

Аталған іс-шара отандық өнерді шет елдерде насихаттауға және мәдени байланыс орнатуға сеп болды.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Голосование на выборах депутатов Курултая Республики Казахстан прошло организованно, спокойно и открыто. По информации, поступившей из регионов...

Қазақстан Республикасы Құрылтайы депутаттарының сайлауындағы дауыс беру ұйымдасқан, тыныш әрі ашық жағдайда өтті. Ел өңірлерінен келіп түскен...

KontrolerINFO басылымның Бас редакторы Анджей Казимерский (Польша) Құрылтай депутаттарының сайлауы барысына қатысты өз пікірін білдірді, деп...

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Ақордада халықаралық пән олимпиадаларында жеңімпаз атанып, жүлделі орындарға ие болған оқушылармен және студенттермен...