Алматыда 8 наурызға орай «Әлемнің жарығы» атты мерекелік концерт өтті

Алматыда 8 наурызға орай «Әлемнің жарығы» атты мерекелік концерт өтті

Алматыдағы Республика сарайында Халықаралық әйелдер күніне арналған «Әлемнің жарығы» атты салтанатты мерекелік концерт ұйымдастырылды. Мерекелік кешке қала әкімі Дархан Сатыбалды қатысты, деп хабарлайды No-comment.kz - Алматы қаласының әкімдігіне сілтеме жасап.

Салтанатты жиынға мәдениет, білім беру, медицина, энергетика, кәсіпкерлік және қоғамдық қызмет салаларында еңбек етіп жүрген әйелдер шақырылды.

Концерттік бағдарламаны әнші Мәдина Садуақасова «Салтанат» мемлекеттік би ансамблімен бірге орындаған «Мен қазақ қыздарына қайран қалам» атты театрландырылған композициямен ашты. Сонымен қатар IL Canto тобының орындауындағы музыкалық нөмірлер мен «Жаңа ғасыр» театры актерлерінің «Әйел – шексіз әлем» атты поэтикалық қойылымы көрермен назарына ұсынылды.

Кеш барысында «Дос-Мұқасан» тобы, Роза Рымбаева, Толқын Забирова, Дияр Бабаев, Тоқтар Серіков, Бейбіт Сейдуалиева, Әбдіжаппар Әлқожа, Yernazar, Әли Оқапов, Қазыбек Құрайыш және Бағжан Октябрь сынды қазақ эстрадасының танымал өнерпаздары өнер көрсетті.

Музыкалық нөмірлер «Салтанат» мемлекеттік би ансамблінің көркем хореографиялық қойылымдарымен үйлесім тауып, кештің сәнін кіргізді. Өнерпаздар сахнада әйелдер қауымын мерекемен құттықтап, оларға амандық, бақ-береке және шабыт тіледі.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Голосование на выборах депутатов Курултая Республики Казахстан прошло организованно, спокойно и открыто. По информации, поступившей из регионов...

Қазақстан Республикасы Құрылтайы депутаттарының сайлауындағы дауыс беру ұйымдасқан, тыныш әрі ашық жағдайда өтті. Ел өңірлерінен келіп түскен...

KontrolerINFO басылымның Бас редакторы Анджей Казимерский (Польша) Құрылтай депутаттарының сайлауы барысына қатысты өз пікірін білдірді, деп...

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Ақордада халықаралық пән олимпиадаларында жеңімпаз атанып, жүлделі орындарға ие болған оқушылармен және студенттермен...