Қазақстанда құрғақшылық болуы мүмкін

Қазақстанда құрғақшылық болуы мүмкін

Қазақстанның алты өңірінде құрғақшылық болады деп күтіледі. «Қазгидромет» РМК синоптиктері маусымға жасаған болжамын жариялады, - деп хабарлады Tengrinews.kz

Метеорологтар мәліметі бойынша, ылғалдану жағдайларының статистикалық болжамына сәйкес, маусымда Қазақстанның біраз аумағында ылғал жеткіліксіз болады деп күтіледі.

«Ақмола (Жақсы ауданы), Ақтөбе (Әйтеке би, Хромтау аудандары), Шығыс Қазақстан (Бесқарағай ауданы) және Маңғыстау облысында (Қарақия ауданы) қатты құрғақшылық күтіледі. Төтенше жағдай Шығыс Қазақстан облысының Абай ауданында және Қостанай облысының Амангелді ауданында болуы мүмкін», - делінген хабарламада.

Еске салайық, бұған дейін мәжіліс депутаттары Қызылорда және Маңғыстау облыстарында төтенше жағдай енгізуді ұсынған болатын. Олардың айтуынша, бұл өңірлерде мал азығына қатысты жағдай өте қиын. Онда аштықтан, тек ресми мәліметтер бойынша, екі мыңға жуық мал өлген.

Депутаттар үкіметті шұғыл шаралар қабылдауға шақырды, сондай-ақ агросферадағы жетістіктерге қарамастан, қарапайым проблемалар, оның ішінде жем-шөппен қамтамасыз ету республикада әлі күнге дейін шешілмегенін айтты.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Голосование на выборах депутатов Курултая Республики Казахстан прошло организованно, спокойно и открыто. По информации, поступившей из регионов...

Қазақстан Республикасы Құрылтайы депутаттарының сайлауындағы дауыс беру ұйымдасқан, тыныш әрі ашық жағдайда өтті. Ел өңірлерінен келіп түскен...

KontrolerINFO басылымның Бас редакторы Анджей Казимерский (Польша) Құрылтай депутаттарының сайлауы барысына қатысты өз пікірін білдірді, деп...

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Ақордада халықаралық пән олимпиадаларында жеңімпаз атанып, жүлделі орындарға ие болған оқушылармен және студенттермен...