Әйтенов Почиваловты жұмысқа қалай қабылдаған?

Әйтенов Почиваловты жұмысқа қалай қабылдаған?

Қос азаматтығы бар шымкенттік шенеунікке қатысты сот шешімі шықты. Сот Шымкент қалалық спорт басқармасының басшысы Олег Почиваловтың жазған арызын қанағаттандырмай тастады. Ол өзінің Қазақстан азаматтығының күшін жоюға байланысты Шымкент қалалық полиция департаментіне арыз жазған болатын. Сот оның Ресей Федерациясының азаматы екенін растады. Бұл туралы Шымкент қалалық Ұлттық қауіпсіздік қызметі мен Ресей Федерациясының ІІМ ұсынған құжаттар дәлел бола алады.

Олег Почивалов Шымкент қалалық спорт басқармасының басшысы қызметіне былтыр маусым айында кіріскен еді. Демек 8 айдан бері Шымкенттегі спорт саласын өзге елдің азаматы басқарып келген. ҚР Конституциясына сәйкес шетел азаматының мемлекеттік қызметке орналасуына тыйым салынған. Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтеновтің шетел азаматын лауазымды қызметке қалай тағайындағаны жұмбақ.

Ата заңымызда анық жазылғандай мемлекеттік қызметкер қандай да заң бұзушылыққа себеп болып, күдікке ілінсе, сот шешімі шыққанша қызметтен уақытша шеттетілуі тиіс. Алайда, бұл заңға Әйтенов те, Почивалов та пысқырып қарамаған деп наразылық білдіруде әлеуметтік желі белсенділері. Яғни, басқарма басшысы сот процесі кезінде мемлекеттік қызметтегі жұмысын жалғастыра берген көрінеді. 8 айдан бері Шымкенттің спорт саласындағы құжаттар, кіріс-шығыс туралы мәліметтер, қаржылық айналымдардың барлығы Ресей Федерациясы азаматының қолында болған. Лауазымды қызметкер тағайындаудағы бұл әрекеті үшін Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов енді қалай ақталмақ? Өзінің заң бұзғанымен қоймай, жергілікті құқық қорғау органдарының жұмысына күмән келтіріп, арыз білдірген Почивалов креслосын қашан босатады? Бұл сұрақтардың жауабын уақыт еншісіне қалдыра тұрайық.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Голосование на выборах депутатов Курултая Республики Казахстан прошло организованно, спокойно и открыто. По информации, поступившей из регионов...

Қазақстан Республикасы Құрылтайы депутаттарының сайлауындағы дауыс беру ұйымдасқан, тыныш әрі ашық жағдайда өтті. Ел өңірлерінен келіп түскен...

KontrolerINFO басылымның Бас редакторы Анджей Казимерский (Польша) Құрылтай депутаттарының сайлауы барысына қатысты өз пікірін білдірді, деп...

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Ақордада халықаралық пән олимпиадаларында жеңімпаз атанып, жүлделі орындарға ие болған оқушылармен және студенттермен...