Қазақстанның туын балкондарға ілуге рұқсат етілді

Қазақстанның туын балкондарға ілуге рұқсат етілді

ҚР Премьер-министрі Асқар Мамин 27 қарашада «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туын, Мемлекеттік Елтаңбасын және олардың бейнелерін, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Мемлекеттік Гимнінің мәтінін пайдалану (орнату, орналастыру) қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 2 қазандағы қаулысына мемлекеттік туды ғимараттардың қасбеттеріне ілуге рұқсат беретін түзетулерге қол қойды.

Қаулыға сәйкес, ережеде 4-тармақтың бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылған:

«Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туын жеке және заңды тұлғалар ғимараттарда (тұрғын үйлер мен тұрғын емес үй-жайларда), оның ішінде балкондарда және салтанатты іс-шаралар өткізілетін орындарда патриоттық сезімдерін, қазақстандық бірегейлік идеясын білдіру, елдің, оның азаматтарының жетістіктерін қолдау мақсатында пайдалануы (орнатуы, орналастыруы) мүмкін».

Еске салайық, бұған дейін Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Мемлекеттік рәміздерді, атап айтқанда, туларды пайдалану ережелерін қайта қарауды ұсынған болатын.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Голосование на выборах депутатов Курултая Республики Казахстан прошло организованно, спокойно и открыто. По информации, поступившей из регионов...

Қазақстан Республикасы Құрылтайы депутаттарының сайлауындағы дауыс беру ұйымдасқан, тыныш әрі ашық жағдайда өтті. Ел өңірлерінен келіп түскен...

KontrolerINFO басылымның Бас редакторы Анджей Казимерский (Польша) Құрылтай депутаттарының сайлауы барысына қатысты өз пікірін білдірді, деп...

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Ақордада халықаралық пән олимпиадаларында жеңімпаз атанып, жүлделі орындарға ие болған оқушылармен және студенттермен...