Сарыағашта отбасылы әйелмен көңілдес болған жігіттің өліміне қатысты жаңа деректер айтылды

Сарыағашта отбасылы әйелмен көңілдес болған жігіттің өліміне қатысты жаңа деректер айтылды

Сарыағаштық кәсіпкер 27 жастағы Әуезхан Баймырзаевтың өліміне қатысты жаңа деректер пайда болды деп хабарлады «Астана» телеарнасы. Марқұм отбасылы әйелмен көңілдес болғаны үшін биыл жазда өлтірілген.

Қазір осы қылмыстық іске байланысты сот процесі басталған. Айыпты ретінде келіншектің күйеуі мен бауыры сотталып жатыр. Алайда, олардың үстінен адам өлтіру емес, денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілген. Марқұмның туыстары қылмыстық істің бабын «Адам өлтіруге» алмастыруын талап етуде.

Ә.Баймырзаевтың ағасының сенімді өкілі Құрманғазы Мүсір сотталушылардың саны екеу емес, алтау болуы керек еді дейді.

«Біз істің дұрыс жүргізілмегенін дәлелдейтін фактілерді ұсындық. Біздің ойымызша, полиция мен прокуратура қылмыстық істі жылы жауып тастағысы келеді. Қолымызда дәлел мен куәгерлердің айтқан сөздері бар: марқұмды өлтіру мақсатында аяусыз ұрып соққан, екеуі емес бірнеше адам», - деді заңгер.

Журналистерді сот процесіне кіргізген жоқ. Бірақ, судья істі кері қайтарды. Енді тергеу басынан жүргізіледі.

 

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Голосование на выборах депутатов Курултая Республики Казахстан прошло организованно, спокойно и открыто. По информации, поступившей из регионов...

Қазақстан Республикасы Құрылтайы депутаттарының сайлауындағы дауыс беру ұйымдасқан, тыныш әрі ашық жағдайда өтті. Ел өңірлерінен келіп түскен...

KontrolerINFO басылымның Бас редакторы Анджей Казимерский (Польша) Құрылтай депутаттарының сайлауы барысына қатысты өз пікірін білдірді, деп...

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Ақордада халықаралық пән олимпиадаларында жеңімпаз атанып, жүлделі орындарға ие болған оқушылармен және студенттермен...