Түркістан облысында әлі күнге дейін арықтан лай су ішіп отырған ауыл бар

Түркістан облысында әлі күнге дейін арықтан лай су ішіп отырған ауыл бар

Сарыағаш ауданы Құрама ауылының тұрғындары арықтан ағып жатқан лай суды ішуге мәжбүр. Бұл туралы блогерлер Ринат Кибраев пен Валерий Кудрявцев видеосюжет түсіріп, YouTube видеопорталындағы LIFE KZ парақшасында жариялады.

Блогерлер ауыл халқымен кездескен. Тұрғындар ұзақ жылдан бері таза ауыз сусыз отырғанын айтады. Сондай-ақ, ауылда электр энергиясының сапасы да сын көтермейді.

«Электр энергиясында ауытқулар болғандықтан, техникалар күйіп кетеді. Интернет те нашар, балалар сабақ оқи алмай жатыр. Ауыратындары бар. Кешке мүлдем жарық жоқ. Теледидар көрмегелі көп болды. Жабайы болып кеттік. Тоңазытқыш істемейді, тамақ бұзылып кетпес үшін салқын жер іздейміз», - деп шағымданды Құрама ауылының халқы.

Олардың сөзінше, жергілікті билік үнемі өтірік айтумен келеді. Жағдайды реттейміз деп уәде беріп, ізін көрсетпей кетеді екен. Адамдардың арықтағы суды ішіп жатқанын көрген блогерлер шошынғандарын айтады.

Осы сәтте түсірілім тобына көрші Жартөбе ауылының әкімі келіп, таза суды көлікпен тасып береміз деп уәде берді. Алайда, тұрғындар оның сөзіне сенбейтіндерін жеткізді.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Голосование на выборах депутатов Курултая Республики Казахстан прошло организованно, спокойно и открыто. По информации, поступившей из регионов...

Қазақстан Республикасы Құрылтайы депутаттарының сайлауындағы дауыс беру ұйымдасқан, тыныш әрі ашық жағдайда өтті. Ел өңірлерінен келіп түскен...

KontrolerINFO басылымның Бас редакторы Анджей Казимерский (Польша) Құрылтай депутаттарының сайлауы барысына қатысты өз пікірін білдірді, деп...

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Ақордада халықаралық пән олимпиадаларында жеңімпаз атанып, жүлделі орындарға ие болған оқушылармен және студенттермен...