Қарабақта әскери қақтығыстан кейін ондаған адам қайтыс болғаны хабарланды

Қарабақта әскери қақтығыстан кейін ондаған адам қайтыс болғаны хабарланды

Кавказдағы мойындалмаған Таулы Қарабақ Республикасының басшысы Араик Арутюнян аймақтағы жағдайдың шиеленісінен кейін әскери әрекет салдарынан ондаған әскердің қайтыс болғанын мәлімдеді, - деп хабарлайды РИА Новости.

"Ондаған адам қайтыс болды, тағы онға жуығы араланды. Азаматтар арасынан ондаған адам жараланды, бейбіт тұрғындар арасында көз жұмғандар бар", - деді ол Facebook желісіндегі тікелей эфирде.

Арутюнянның айтуынша, Қарабақта бір ай бұрын Әзербайжанға оқу-жаттығу үшін келген түркиялық F-16 ұшақтары пайдаланылған. Түрік армиясының қарулы күштеріне тиесілі ең заманауи әскери техника қолданылған.

Сондай-ақ ол Талиш бағытында және оңтүстік флангта айырылып қалған позициялар барын атап өтті.

Еске салайық, 27 қыркүйек күні таңертең Армения мен Әзербайжан арасындағы қақтығыс шиеленісті. Таулы Қарабақта соғыс жағдайы енгізілді. Армения да Қарабақтағы оқиғаларға байланысты әскери жағдай мен жалпы мобилизация жариялады.

Бүгіннен бастап Әзербайжанда да соғыс жағдайы енгізілді.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Голосование на выборах депутатов Курултая Республики Казахстан прошло организованно, спокойно и открыто. По информации, поступившей из регионов...

Қазақстан Республикасы Құрылтайы депутаттарының сайлауындағы дауыс беру ұйымдасқан, тыныш әрі ашық жағдайда өтті. Ел өңірлерінен келіп түскен...

KontrolerINFO басылымның Бас редакторы Анджей Казимерский (Польша) Құрылтай депутаттарының сайлауы барысына қатысты өз пікірін білдірді, деп...

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Ақордада халықаралық пән олимпиадаларында жеңімпаз атанып, жүлделі орындарға ие болған оқушылармен және студенттермен...