ӨҚМ қоғамдық ұйымдармен тұрғын үй саясатын жетілдіру мәселелерін талқылады

ӨҚМ қоғамдық ұйымдармен тұрғын үй саясатын жетілдіру мәселелерін талқылады

Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс вице-министрі Қуандық Қажкенов «RUKHTYLAR» және «Не молчи сирота» қоғамдық ұйымдарының жетекшілері Айнагүл Мұзафар және Руслан Тұрысбековпен кездесті, деп хабарлайды No-comment.kz - ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрлігіне сілтеме жасап.

Кездесуде тараптар мемлекеттік тұрғын үй саясатын іске асырудың өзекті мәселелерін талқылады. Атап айтқанда, тұрғын үй саласындағы жаңа заңнамалық түзетулер, сондай-ақ азаматтардың тұрғын үй жағдайын жақсартуға бағытталған мемлекеттік қолдау шараларын ұсыну тетіктері қарастырылды.

Сонымен қатар 2025 жылға арналған жалдамалы және кредиттік тұрғын үйді сатып алу мен салу көрсеткіштері, сондай-ақ 2026 жылға белгіленген жоспарлар талқыланды.

Кездесу барысында қоғамдық ұйым өкілдерінің жалдамалы және кредиттік тұрғын үйді бөлу үдерістерін жетілдіруге қатысты ұсыныстарына ерекше назар аударылды. Айтылған бастамалар тұрғын үй саясатын одан әрі дамыту және тұрғын үй беру тетіктерінің ашықтығын арттыру бағытындағы жұмыстарда ескерілетін болады.

Кездесу қорытындысы бойынша тараптар тұрғын үй саласында тиімді шешімдер әзірлеу үшін мемлекет пен азаматтық қоғам арасындағы конструктивті өзара іс-қимылды одан әрі дамыту маңызды екенін атап өтті.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Голосование на выборах депутатов Курултая Республики Казахстан прошло организованно, спокойно и открыто. По информации, поступившей из регионов...

Қазақстан Республикасы Құрылтайы депутаттарының сайлауындағы дауыс беру ұйымдасқан, тыныш әрі ашық жағдайда өтті. Ел өңірлерінен келіп түскен...

KontrolerINFO басылымның Бас редакторы Анджей Казимерский (Польша) Құрылтай депутаттарының сайлауы барысына қатысты өз пікірін білдірді, деп...

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Ақордада халықаралық пән олимпиадаларында жеңімпаз атанып, жүлделі орындарға ие болған оқушылармен және студенттермен...