ІІМ "Автомектеп" ақпараттық жүйесін енгізді

ІІМ "Автомектеп" ақпараттық жүйесін енгізді

Көлік жүргізушілерін даярлау қағидаларына сәйкес, автомектептердің қызметін есепке алу және оқу топтарын тіркеу процесін автоматтандыру мақсатында ҚР ІІМ "Автомектеп" ақпараттық жүйесін әзірледі, деп хабарлайды No-comment.kz - ҚР Ішкі істер министрлігіне сілтеме жасап.

Аталған жүйе арқылы автомектептердегі оқу үдерісі цифрландырылып, оқу топтарын тіркеу мен есеп жүргізу электронды форматта жүзеге асырылады. Сонымен қатар автомектепті аяқтағаны туралы куәлік толықтай электронды форматқа ауыстырылды. Бұл шешім оқытудан өтпей қысқа мерзімде куәлік беру фактілерін, сондай-ақ құжаттарды қолдан жасау мүмкіндігін болдырмауға бағытталған.

"Автомектеп" ақпараттық жүйесі – ІІМ-нің есебінде тұрған мемлекеттік ақпараттық жүйе. Жүйенің интеграциялық сервисі Smart Bridge платформасында жарияланған және жалпыға қолжетімді. Қазіргі уақытта аталған платформа арқылы "CarLife" кәсіби бірлестігіне тиесілі "Avtomektep.kz" мемлекеттік емес ақпараттық жүйесі қосылған. Қосылу жұмыстары электрондық үкіметтің ақпараттандыру объектілерін интеграциялау қағидаларына сәйкес жүзеге асырылған.

Сонымен қатар интернетте және әлеуметтік желілерде жүргізушілерді жеделдетілген онлайн курс арқылы даярлау жөнінде ұсыныстар таралуда. Осыған байланысты ІІМ азаматтарға тек ресми автомектептерде толық оқу курсынан өтудің маңызын ескертеді. Әсіресе, автокөлікті басқару дағдыларын қалыптастыру үшін міндетті түрде практикалық сабақтардан өту қажет, ал мұндай дағдыны толықтай онлайн форматта меңгеру мүмкін емес.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Оқу жылының аяқталуына орай, «Халықаралық балаларды қорғау күні» және «Халықаралық нашақорлыққа қарсы күрес күні» қарсаңында қаламыздың полиция...

Президенттің төрағалығымен Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің кеңейтілген құрамдағы кезекті отырысы өтті, деп хабарлайды No-comment.kz - ҚР...

Премьер-министрдің орынбасары Қанат Бозымбаев Батыс Қазақстан облысына жұмыс сапары аясында  «Энергетикалық және коммуналдық секторларды жаңғырту»...